Балаларға қуаныш сыйлау – имандылық пен мейірімділік нышаны. Осындай игі амалдың куәсі “Түрксиб” мешіті екі мектепке арнайы барып, оқушыларға тәтті сыйлықтар таратты.
Атап айтқанда, мешіт ұжымы 400 балмұздақ пен 50 кекс апарып, жас бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі сыйлады. Бұл – мешіт тарапынан жасалған қайырымдылық шарасы сауапты іске бастама болып, көпке үлгі болды.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар мешітке алғыстарын білдіріп, мұндай игі істердің өскелең ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.