Қайырымдылық жасау адамзат бойындағы асыл қасиеттін бірі. Осындай мақсатта “Түрксиб” мешітінің жамағаты тұрмысы төмен 4 отбасына азық-түлік түріндегі көмек көрсетіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Азық-түлік себеттері мұқтаж жандарға таратылып, отбасы мүшелерінің алғысына бөленді. Игі бастама — жамағаттың бірлігі мен жанашырлығының айғағы болды. Көмек алған жандар алғыстарын білдіріп, ризалықтарын жеткізді.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.