#Шу: 1-маусым балалар күніне орай Ақтөбе ауылында шара өткізілді

#Шу: 1-маусым балалар күніне орай Ақтөбе ауылында шара өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 маусым – Балалар күніне орай, Ақтөбе ауылында ерекше қуаныш пен шаттыққа толы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастама ауыл азаматтарының, Аналар қоры мен мешіт жамағатының демеушілігімен өтті.

Мерекелік шара барысында балаларға балмұздақ, тәтті сусындар, түрлі сыйлықтар таратылып, қуанышты көңіл күй сыйланды. Сонымен қатар, ауылымыздың наубайханасы да бұл күнге өз үлесін қосып, наубайхана иесі балаларға тегін тәтті бәліштер ұсынды.

Іс-шараны өткізуге жалпы 150 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Бүгінгі балалар келешек ұрпағымыз. Осындай мейірім мен қамқорлыққа толы күндер ауылдағы бірлікті, бауырмалдықты тағы бір мәрте айқындап берді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: