ҚМДБ РАНТ мшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу «Жастар тәрбиесі және ихсан ілімі» атты тақырыпта сөз қозғалды.
Аталмыш жиынға Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егізбаев Алмханбетаранжан және мешіт қызметкерлері де қатысты. Қуаныш Тоқсанбайұлы жиынға қатысушыларға ихсан ілімінің мәні мен мағынасын, мұсылманның көркем мінез-құлқын кеңінен түсіндіріп, жас буындарымыз жастардын рухани дамуына мән беру керек екенімізді тілге тиек етіп айтып өтті. Көпшілік өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі