Жуалы: "Дәурен" мешіті арқылы қой еті таратылды

Жуалы: "Дәурен" мешіті арқылы қой еті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық «Дәурен» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өтті. Мешіт жамағатының қолдауымен құрбандыққа шалынған бір қойдың еті бес мұқтаж отбасыға таратылды.

Игі шараға мешіттің имамы Нұрмахан Кемерханұлы өзі ұйытқы болып, ет салынған пакеттерді ауылдағы жағдайы төмен, көпбалалы және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға арнайы жеткізді.

— Құрбан айт — құрбандық шалумен ғана емес, жанашырлық пен бауырмашылдықты арттыратын, жүрекке мейірім ұялататын мереке. Қасиетті күндері ел ішінде осындай ізгі амалдардың артуы – халқымыздың имандылыққа бет бұрғанының белгісі, – деді мешіт имамы Нұрмахан Кемерханұлы.

Игі іске разы болған ауыл тұрғындары алғыстарын жаудырып, Құрбан айт мейрамының мол сауап пен берекеге себеп болуын тіледі.

Атқарылған қайырымдылық — халқымыздың қашаннан келе жатқан асыл қасиеті. «Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын» демекші, бұл сауапты іс ауыл жұртына үлгі болары анық.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: