Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев, Аса ауылы «Домалақ ана» мешітінде жамағатқа «Ажырасу- қоғам дерті» тақырыбында үгіт- насихат жұмысын жүргізді.
Имам ажырасу қазіргі қоғамның ең басты проблемаларының бірі болып, әлемдік статистика бойынша еліміз ажырасудан екінші орында тұрғандығы, жастарымыз бір-бірін түсінбей ақ некеде ұзақ тұра алмауы, ата-бабаларымыздың мәдениетін, тәрбиесін, салт-дәстүрін бойымызға сіңірмегендігі жайында жамағатқа үгіт- насихат айтып, түсіндірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі