Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің азаншысы Азамат Сабыр, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Бесағаш» заставасында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға «Отан оттан ыстық!» тақырыбы аясында кездесу ұйымдастырды.
Шараға сарбаздар ерікті түрде қуана қатысып, шариғи тұрғыдан «Отан» ұғымына терең бойлады. Сарбаздар мешіт қызметкеріне ойда жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Сарбаздардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін тағы бір рет серпілтіп, оятқан керемет есте қалар кездесу болды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі