Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәуреннің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде “дін мен дәстүр” бағыты бойынша кездесу өтті.
Өз кезегінде, Дәурен имам мәдениет үйінің ұжымына ислам діні мен қазақи салт-санамызды бөліп қарауға болмайтынын әрі бұл екеуінің құстың қос қанатындай тең екендігін алға тартты. Жиын соңында, мәдениет үйінің ұжымы Дәурен имамға сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.