ТАЛАС: ГІР КӨТЕРУ САЙЫСЫ ӨТТІ

ТАЛАС: ГІР КӨТЕРУ САЙЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ әрқашан деннің саулығын бірінші орынға қойған халық екені белгілі. Сол себепті "бірінші байлық денсаулық" деген. Денің сау болса өмірде керек нәрселердің бәріне еңбек пен әрекетпен жетуге болады.

Ал, денсаулығында кінәрат болса, өз күшіне емес, басқа адамға тәуелді болып өз еркімен ешқандай табысқа да жете алмайсын үлкен белестерді де бағындыра алмайсын. Сондықтан деннің саулығын ол жанының байлығы.

Осы мақсатта "Төртбай ата" мешітінің имамы Түзелбаев Зульфухардың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында кір тасын (гир) көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп, жарысқа қатысушылар өз ара кім мықтыны анықтауға бар күш - жігерлерін жұмсады. Барлығынан оза шапқан Жүзгенбаев Дәулет 56 мәрте кір тасын басынан асыра көтеріп барлығынан оқ бойы озып жеке дараланса, екінші орынды алты мәрте көтеруі кем болған Әленұлы Бағлан қаңжығасына байлады. Ал, үшінші орынды 32 рет көтерген Жақашұлы Бекзат түйіндеді.

"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: