БАЙЗАҚ: ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН

БАЙЗАҚ: ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Диқан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған "Ерлік ескерусіз қалмасын!" атты ескерткіш тақтасы жаңғыртылып, қайта ашылу салтанатымен қатар Аймантөбе ауылының тумасы, соғыс және еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Жапар Дидарбековтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

Берікқара орта мектебі оқушылары саппен жүріп өткен соң «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы боздақтар рухына Құран бағыштады. Соғыс ерлері бір минут үнсіздікпен еке алынды. Аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, жеңісті жақындатуға үлес қосқан аймантөбелік ер-азаматтар мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін атап өтті. Мұнан кейін ескерткіштің лентасы қиылып, гүл шоқтары қойылды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров, Дихан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбек Ойықбаев, Аймантөбе ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрсыналы Тойбаев, ауыл қариясы Әлімбай Әбдіқалықов, жеке кәсіпкер Аян Лесбеков көпшілікті құттықтап, Жапар Дидарбековтің адамгершілік, қайраткерлік қасиеттерімен қатар, аудан экономикасын дамытуға қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті. Тыл ардагері Шайдозым Көлбаевқа мерекелік медалін аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, мәслихат депутаттары Асылбек Жантаев пен Айдын Қалабаев табыстады.

Ескерткіш тақтаның жаңғыртылуына демеушілік жасаған осы ауылдың тұрғындары мен кәсіпкерлері Керімжан Дидарбеков, Аян Лесбекұлы, Арман Өмірханұлы және округ бюджеті қаражатынан да қолдау көрсетілгені айтылып, игі іске үлес қосқандарға алғыс айтылды.

Аймантөбе ауылының тумасы Байзақ өңірінің қадірлі қариясы болған Ж.Дидарбековтің ұлы Керімжан Жапарұлы жиналғандарды ұлы мерекемен құттықтап, әкесінің ерен еңбегі, өміржолы мен елге сіңірген еңбегі өсіп келе жатқан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтіндігін айтып, шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді. Жаңа оқу жылынан бастап, жоғары оқу ордасында білім алатын үш студентке ай сайын 50 мың теңге көлемінде әкесі Жапар Дидарбеков атындағы стипендия тағайындалғанын жеткізді. Ұлы Жеңісті ұлықтаған шара патриоттық әндерге ұласты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: