РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы Шу ауданына жасаған сапары барысында №10 кәсіби колледжде жастармен жүздесті.
Кездесу барысында ұстаз жастарға арнап әсерлі және тағылымды насихат айтып, уақыттың қадірі мен оны тиімді өткізудің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда өзекті болып отырған жат ағымдар тақырыбын да қозғап, олардың қауіпті сипаты мен одан сақтанудың жолдарын нақты мысалдармен баяндады.
Ұстаздың сөздері жастарға терең ой салып, рухани серпіліс берді. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.