#Шу: РАНТ мүшесі «Жәми» мешітінің жамағатымен жүздесті

#Шу: РАНТ мүшесі «Жәми» мешітінің жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына жасаған сапары аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының мүшесі, РАНТ өкілі Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы аудандық орталық «Жәми» мешітінің жамағатымен кездесті.

Бесін намазына жиналған жамағатқа ұстаз «Уақыттың қадірі мен қасиеті» тақырыбында терең мағыналы уағыз айтты. Уағыз барысында ол әрбір сәттің адам өміріндегі орны, уақытты тиімді пайдаланудың діни және рухани мәні жайында баяндады.

Намаздан кейін жамағатпен ашық сұхбат форматында пәтуа беру мәселесіне қатысты сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Білікті ұстаз діни тұрғыда маңызды мәселелерге қатысты нақты әрі түсінікті жауаптар беріп, жамағаттың көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты тоқталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: