#Шу: РАНТ мүшесі Шу өңірінде

#Шу: РАНТ мүшесі Шу өңірінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы Жамбыл облысы, Шу ауданына арнайы іс-сапармен келіп, дін саласындағы маңызды кездесулер өткізді.

Сапар аясында «Аманат» партиясының ғимаратында өткен жиында ол «Жат ағымдар және олардың сипаттары» тақырыбында мазмұнды семинар жүргізді. Бұл жиынға дін қызметкерлері, теолог мамандар мен өңірдегі саясат  мамандары қатысты.

Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев жиынды ашып, ұстазды тұрғындарға таныстырып, шараның маңызы мен тақырыптың өзектілігіне тоқталды.

Ұстаз өз сөзінде теріс діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізер зияны және олардан қорғану жолдары жайлы кеңінен түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, пікір алмасу орын алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: