Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында «Жеңістің 80 жылдығына» арналған шараға аудан бас имамы да арнайы шақыртумен қатысты.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен басқосуға: ауыл тұрғындары, ардагерлер, ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым қатысты. Ұлы отан соғысына қатысқан жандарға Құран бағышталып, дұға жасалып, гүл шоқтары қойылды.
Әлжан ана ауылы тұрғындарының белсенді мүшелерін марапаттап, алғыс айтылды. Жиын ақсақалды қариялардың батасымен аяқталды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз бақытты болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі