Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Қол ұшын созу, қиындыққа тап болған жандарға демеу болу, дінімізде салмағы ауыр Аллаға сүйікті амал.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешіті имамы Нұрлан Нұрмаханұлының ұйымдастыруымен сегіз отбасыға ет таратылды. Барша ат салысқан жомарт жандарға Алланың жәрдемі болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі