Танты ауылы «Танта баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбеков мешітке келген жамағатқа «Жат ағым адастырады» тақырыбында уағыз- насихат айтты. Идеология бұзылғаннан кейін адамның іс-әрекеті де өзгереді.
Ол қоғамға, мемлекетке үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, соңғы жылдары мемлекет тарапынан да назар аударылып жатыр. Қазіргі жергілікті мешіт, имам, ұстаздары тікелей қатысты болғандықтан осындай жұмыстарды халыққа жасап жүр.
Имам теріс ағымдардың белгілері, әлеуметтік желіде абай болу, тыйым салынған сайттардан келетін қауіп туралы кеңінен айтып өтті. Жамағат өз сұрақтарын қойып, дәстүрлі дін мен күмәнді көзқарастарды қалай ажыратуға болатынын, өз кезегінде көкейдегі сауалдарына толыққанды жауап алып, діни тағылымы мол дәріске қанық болды. Жамағатқа бағыт берген бүгінгі насихат – жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі