ЖАМБЫЛ: БІЛІМ АЛУ - ПАРЫЗ

ЖАМБЫЛ: БІЛІМ АЛУ - ПАРЫЗ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінің имамы Ермухамбет Байсүгір мешітке келген жамағатқа  «Білім алу- парыз»  тақырыбында уағыз- насихат айтты. Шыны керек, біз қазір білімнің салтанат құрған заманының құрдасы болып отырмыз.

Бұрынғыдай шоқпармен шауып, қылышпен қырып алатын уақыт тарих қойнауына сіңіп, жоқ болды. Тек қана сана мен ақылдың салмағы артып, білім мен ғылымның құны еселенді. Жаңа технологиялар мен иновацияның дәурені жүріп тұр. Бұл ретте басты міндет алдымен жастардың иығына түсетіні мәлім. Себебі уақыт ағысы бір орнында дамылдап қалмайды, үздіксіз, үзіліссіз алдыға жылжиды.

Сондықтан кәсіби кадрлар қатарын көбейтіп, баянды болашақтың бағытын бағамдау біздің қолда. Заман ағымының өзгерістерге ұшырауы, жаңа технологиялар мен түрлі инновациялардың тірлігімізге енуі керемет серпіліс.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: