Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов мешітке келген жамағатқа «Дін және жастар» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жастар – мемлекеттің басты қозғаушы күші һәм ел ертеңінің негізін қалаушы басты толқын.
Жастар – мың жылдықтар төрінен мәңгілікке қарай бағытын түзеген қуатты Қазақстанның жанды бейнесі. Бәсекеге бәс тігіп, жаһандық аренада алпауыт мемлекеттермен иық тірестірген егеменді еліміздің ертеңі һәм қозғаушы күші.
Ал оларға қолдау көрсетіп, мүмкіндіктер көкжиегін кеңейту болашақ үшін бүгін салынған инвестиция десе де болады. Осы ретте олардың білімі мен діни сауаттылығына ден қойып, туралық пен ақиқат жолынан таймаулары үшін атқарар жұмыстар да көп.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі