Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке жиналған жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Қоғамда пәтуаның орны және маңыздылығы жайында кеңінен тақырып қозғалды.
Ілгеріде аталарымыз пәтуәны Исламды тарату мен уағыздау мектептерінде қолданылатын қосымша құралдар есебінде пайдаланды. Кейінгі кездерде пәтуә ұлағатты білімдарлардың (факих) пікірі немесе арнайы зерттеулердің кейбір мәселелерді айқындаудағы тұжырымдамасы іспетті.
Даулы да, талапты мәселелердің жауабы тәрізді. Имам тақырыпты түйіндеп, жамағаттан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі