Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәуреннің ұйымдастыруымен мешіт айналасында биік өсіп кеткен шөптері қырқылып, мешіт ағаштары абаттандырылды. Мешіт айналасындағы қоқыстар тазаланып, шөптері қырқылып, әп-сәтті мешіт айналасы жинақы түрге енді.
Өз кезегінде, Дәурен имам мешітке әкімшіліктен жіберілген Айдос есімді бақташы ағамызға алғысын білдіріп, ізгі тілегін білдірді.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

