"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатына елімізде тиым салынған және әлі де болса тиым салынбаған діни ағымдар туралы кезекті уағыз-насихатын айтып өтті.
Сөз соңында, Ахат имам біздің діни ағымдарға мықты иммунитетіміз - дәстүрлі ислам құндылықтарын бойымызға сіңіруімізде және ауызбіршілігімізде жатыр. Көзі ашық, діни сауатты, ауызбіршілігі мықты қоғамда діни ағымдарға жол жоқ деп сөзін түйіндеді.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.