Ақкөл ауылы, "Ақкөл" мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдиннің ұйымдастыруымен және ауыл кәсіпкері Жангелді ағаның қолдауымен мешіт айналасына шырша және жеміс ағаштары отырғызылды.
Аталмыш шараға Сейткамаладдин имам да қатысып, бір шыршаны өзі егіп, құманмен су құйды. Жалпы 4 шырша және 6 жеміс ағашы отырғызылып, жалпы құны 87мың теңгені құрады.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.