#Шу: РАНТ мүшесі Шу өңірінде Отбасы құндылықтары жайында уағыз жүргізді

#Шу: РАНТ мүшесі Шу өңірінде Отбасы құндылықтары жайында уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына арнайы сапармен келген РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешітінің ұстазы Қуаныш Тоқтарбайұлы «Төле би» мешітіне ат басын бұрып, өңірдің жамағатымен кездесті.

Келген қонақты аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы әйел жамағатына таныстырып, сапардың рухани және ағартушылық маңызын атап өтті.

Сапар барысында ұстаз ауданның әйел-қыздар секторы өкілдерімен арнайы жүздесіп, жанды әрі әсерлі уағыз жүргізді. Кездесу Отбасы күніне орай ұйымдастырылып, негізгі тақырып – отбасының қоғамдағы орны, ер мен әйелдің міндеттері, бала тәрбиесіндегі ананың рөлі болды.

Уағыз соңында жиналған әйел қауымы дін мен дәстүр үндестігін дәріптеген құнды ойлар мен рухани әсер алып, ұстазға алғысын білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: