#Шу: РАНТ мүшесі Шу өңірінде насихат жүргізді

#Шу: РАНТ мүшесі Шу өңірінде насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешітінің тәжірибелі имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы Жамбыл облысы, Шу ауданына арнайы іс-сапармен барып қайтты. Бұл сапар барысында ол жергілікті Төле би ауылының жамағатымен жүздесіп, маңызды пәтуа сағатың жүргізді.

Құрметті қонақты «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы жамағатқа таныстырып, ұстаздың діни саладағы еңбегіне тоқтала отырып, бұл сапардың тәрбиелік және рухани маңызын атап өтті.

Құптан намазына жиналған көпшілікке білікті дін маманы «Қазақ еліндегі Ислам» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, ұлттық рух пен діннің сабақтастығына тоқталды. Уағыз барысында ол қазақ халқының Ислам дінін қабылдау тарихынан бастап, қазіргі замандағы дін мен дәстүр үйлесімін түсіндіріп, қоғамдағы имандылық пен бірлік мәселелерін қозғады.

Жамағат ұстаздың терең мазмұнды сөздерінен үлкен әсер алып, рухани серпіліспен тарқасты.Сұрақ-жауап айдары жүріп, шара соңында намазда сап түзді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: