«Жәми» мешітінде жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайларға арналған рухани кездесу өтті. Жиында ақ некенің қадірі, отбасының қоғамдағы орны мен жауапкершілігі жайлы тағылымды уағыз айтылды.
Уағыз-насихатты мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаева жүргізіп, жас отбасыларға берекелі әрі иманды шаңырақ құрудың маңызын түсіндірді. Шара барысында қатысушыларға тұрмыста кездесетін рухани әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты кеңестер де берілді.
Бұл игі бастама елде жарияланған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылып, жастардың рухани тәрбиесіне сүбелі үлес қосты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.