#Т.РЫСҚҰЛОВ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы неке қидырған жас жұбайларға Халықаралық отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында насихат айтты. Ер мен әйелдің шариғат жүктейтін бір-бірінің алдындағы міндеттеріне кеңінен тоқталды.

«Отан отбасынан басталады» демекші, қазақ халқы қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Ер азамат-отбасының тірегі, қорғаушысы, жауапты тұлғасы, ал әйел-ана - шаңырақтың берекесі, тірегі саналса, балалар-өміріміздің жалғасы. Адам өмірінің мазмұны, әрбір тұлғаның ең асылы, өмір сүрудің басты қағидаты отбасы құндылықтарын  келер ұрпақтың бойына сіңіру арқылы біздер  ұлттық келбетімізді сақтап қалатынымыз  анық. Отбасылық құндылықтардың ішінде тәрбие де, мәдениет те, әдеп те, салт пен дәстүр де бар. Өйткені отбасы-тұрақтылық тірегі, ал өнегелі отбасы-қоғамның байлығы саналады.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: