БАЙЗАҚ: «УАҚЫПТЫҢ ПАЙДАЛАРЫ» АТТЫ АУЫЛ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

БАЙЗАҚ: «УАҚЫПТЫҢ ПАЙДАЛАРЫ» АТТЫ АУЫЛ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы ауыл имам-молдаларына «Уақыптың пайдалары» тақырыбында семинар өткізді.

         Бақытбек Бауыржанұлы семинарда: «Асыл дінімізде «Уақып» ұғымының мәні мен мағынасы тереңде. Уақып сөзінің терминдік мағынасы «ұстау», «тоқтату» дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы ұғымы —
бір дүниені ұзақ уақыт ел игілігіне қайырымдылыққа беріп, тоқтаусыз сауапқа кенелу, ұзақ уақыт жақсылығы мен шарапатына бөлену.

Ислам дініміздің тарихында уақып амалына қатысты негіз боларлық оқиғалар көптеп кездеседі. Солардың біреуінде хазірет Омар (р.а.) Хайбар соғысында бір жерді иемденеді. Бір күні осы жер хақында кеңесу үшін ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен Хайбар соғысында бір жерді меншігіме алдым және ондай байлыққа бұған дейін ие болмадым. Бұл жер хақында маған қандай әмір бересіз?» – деп сұрайды. Ардақты Пайғамбарымыз: «Егер қаласаң, ол жерді уақып қыл да, одан түскен пайданы садақа етіп отыр», – деп кеңес береді. Бұл Ислам тарихындағы ең алғашқы уақып саналды», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: