9 мамыр – Жеңіс күніне орай Шу ауданындағы «Жәми» мешітінде игі іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында мешіт қызметкерлері мен жамағаттың қолдауымен 3 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық ретінде тұрмысы төмен және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — тек материалдық көмек емес, сонымен қатар ел бірлігі мен мейірімділік қағидаттарын насихаттаудың үлгісі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.