«Белбасар» ауылы әкімшілігінде ауыл тұрғындары мен рухани жетекшілердің қатысуымен маңызды жиын өтті. Жиналысты «Хати Сауранбайұлы» мешітінің бас имамы Бақыт Тилемисов ұйымдастырды.
Кездесу барысында имам «Ислам және отбасы құндылықтары» аясында ата-ананың қоғамдағы орны, отбасындағы тәрбие мен рухани құндылықтардың мән-маңызы туралы кеңінен сөз қозғады.
Дін маманы ауыл тұрғындарына отбасы – ұлттың ұйытқысы, тәрбие бастауы екенін айта келіп, ата-анаға құрмет көрсету мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы терең мағыналы уағыз айтты.
Жиналысқа қатысушылар дін өкілінің ой-пікірлеріне зор ықыласпен құлақ асып, рухани санасын жаңғыртып, бұл игі шара ұлттық және діни құндылықтарды терең түсінуге жол ашты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.