Дәрет намазы

Дәрет намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәрет алғаннан кейін оқылатын екі рәкат намаз «Дәрет намазы» деп аталады. Намаз оқылуы мәкрух болған уақыттардан тыс кез-келген уақыттарда оқуға болады. Дәрет алғаннан немесе ғұсыл алғаннан кейін артынша дереу дәрет намазын оқу өте сауапты болады. Қазасы бар адам, қаза намазына және дәрет намазына ниет етсе, әрі қазасын өтеген болады, әрі дәрет намазының сауабына қауышады. Уақыттың парызын немесе сүннетін оқитын кезде осы намазға да ниет ету өте жақсы болады. 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жақсылап дәрет алып уәсуәсасыз екі рәкат намаз оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)

«Жаннатта Билалға бұл мәртебелерге қалай жеткенін сұрадым. “Әрбір дәрет алып болған соң екі рәкат намаз оқитын едім” деп жауап берді.» (Бұхари)

Дәрет намазынан кейін жасалған дұға қабыл болады. Хадис шәрифте:

«Алла та’ала былай деп бұйырды: Дәреті бұзылғанда дәрет алмаған адам маған жапа еткен болады. Дәрет алып екі рәкат намаз оқымаған адам да маған жапа еткен болады. Екі рәкат намаз оқып менен қажеттілігін сұрамаса тағы да маған жапа еткен болады. Дәрет алып екі рәкат намаз оқығаннан кейін дұға еткен адамның дұғасын қабыл етпесем мен оған жапа еткен боламын. Алайда мен жапа етпеймін.» деп бұйырылды. (Шира)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (5)

Оқи отырыңыз: