Құрметті әпкелер, аналар, қыз-келіншектер!
Сіздерді 11 мамыр күні сағат 10:00-де Жамбыл облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінде өтетін ерекше рухани кездесуге шақырамыз!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әйел-қыздар секторы ұйымдастырып отырған бұл семинарда елімізге танымал, тәжірибелі ұстаздар өздерінің өнегелі өмірі мен құнды кеңестерімен бөліседі. Олардың қатарында:
- Динара Нұрғалиева
- Еңлік Әбиева
- Бажхан Досжанова
- Нәзерке Жанәлиева
- Зейнеп Үсенова
Семинар барысында иманды әйелдің рөлі, отбасы тәрбиесі, рухани дамудың маңыздылығы, қазіргі қоғамдағы мұсылман қыз-келіншектің орны секілді өзекті тақырыптар қозғалады.
Бұл – тек уағыз тыңдайтын шара ғана емес, жүрекке тыныштық, санаға серпіліс сыйлайтын мүмкіндік.
Сізді шабыттандыратын, рухани қуат беретін ортаға еніңіз!
Күніңізді түртіп алыңыз: 11 мамыр, сағат 10:00
Өтетін орны: “Һибатулла Тарази” мешіті
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі