Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылында Алла Тағалаға дұға етіп, жаңбыр сұрап, «Тасаттық» садақасы берілді.
Шара барысында аймақ молдасы Асқарұлы Бақытжан Алла Тағаладан жаңбыр сұрап, жамағатпен арнайы намаз оқылып дұға жасалды. Соңында Құран оқылып, бата берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі