ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРҒАНДАҒЫ САБЫРЛЫҚ

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРҒАНДАҒЫ САБЫРЛЫҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дініміз жақсылыққа шақырып, жамындықтан, күнадан тыйылуға шақырады. Осы жолда жақындарымыз, дотарымыз бен айналамыздағы еті жақындарымызды жамандық атаулы нәрселерден алшақ жүруге шақыру мұсылманның мұсылман алдындағы міндеті, парызы. Бірақ тура жолға үгіттеу тек сөзбен болмақ. Күштеу арқылы адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ең абзалы болған Мұхаммед пайғамбарымызға Алла тағала құранда: «Қалаған адамды тура жолға сала алмайсың» - деген мағынадағы аяттар түсірді. Шақыру ғана дегенді тек бір рет айтып, тоқтатып қою керек екен деген сөз емес. Нұх пайғамбар 950 жыл күндіз-түні қауымын иман келтіруге, жақсылық пен ізгілікке шақырған. Пайғамбарлардың міндеті, миссиясы иманға келмеген, дінді қабылдамаған адамдарды шақыру, Алланың хақ болған жолына жеткізу, насихаттау. Біздікі олардыкіне қарағанда әлде қайда жеңіл. Бізде де өзге исламға шақыру міндет болғаныман, дәл қазіргі таңда көбіне мұсылман болған, исламды қабылдаған адамды мешітке, намазға және басқа да дін жоралғылар мен бабаларымыз ұстанып кеткен, мұра қылып қалдырған дінмен ұштастырып келген дәстүріне шақыру міндеті тұр. Ол үшін әуелі өзіміздің сөзіміз бен ісіміздің дұрыс болуы, намазда оқып жүрген, мешітке барып тұратынындар қызықтыра алуы, мотивация беруі өте маңызды.

         Жақсылыққа шақырғанда өте қатты мән беруіміз керек болған жәйттардың бірі «Қанша айтылса да келмейді, бұл - адам болмайды, барар жері тозақ» - деп, Алла Тағаланың ісіне араласуға болмайды. Насихатымызды тоқтатпай, сабырлықпен шақыру, үгіттеу керек болады. Өйткені, өзіміз ерте жастан бастаған, бізді шақырғанда мешітке бірден барғандардан болсақ жақсы.

Көбіміз балиғат жасынан кейін (ер бала 13-15, қызбала 9-12) бастамай, кейінірек, кейбіріміз 40-50ден асып бастағандар да жоқ емес. Алла Тағала осы жасқа дейін қанша ескерту жасаса да, кеш бастап  тұрғанымыз сияқты, өзгелерге де шамалы уақыт беруіміз керек-ақ. Жұбайлары мен жақындарын асықтырып, сабырсызданып, ашуға беріліп кететін кездерімізді көргенде бірден діннен хабар бар болып дүниеге келгендей болатынымыз бар. Уақыт беру дегеніміз 10 жылдап жүре берсін дегенде сөзіміз емес, тура жолды нәсіп ететін Алла екендігін ұмытпағанымыз жөн. Алла Тағала баршамызды тура жолдан айырмасын.

 Дәурен Құттыбаев

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: