БАС МҮФТИ ЖҮРСІН ЕРМАНМЕН СҰХБАТТАСТЫ

БАС МҮФТИ ЖҮРСІН ЕРМАНМЕН СҰХБАТТАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманмен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти Жүрсін Ерманның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ ақынға Діни басқарманың бастамалары мен атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды.

«Сіздің шығармаларыңыз ұлт руханиятының алтын қазынасына айналды. Өзіңіз секілді қалам ұстаған зиялы жандардың ақыл-кеңесі бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Сіздерді әсіресе жастар үлгі тұтады, сондықтан сіздердей жандардың кеңесін алған жастар жаман болмайды» деді ҚМДБ Төрағасы.

Өз кезегінде Жүрсін Ерман қазақтың руханияты, ақындық өнердің жай-жапсары туралы айта келіп, өзін айтыстың болашағы және ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатқаны алаңдататынын атап өтті.

Кездесу соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаламгердің деніне саулық, отбасына амандық тілеп, иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: