Бахрейн алғаш рет жерсерігін орбитаға шығарды

Бахрейн алғаш рет жерсерігін орбитаға шығарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сенбі күні Бахрейн өз тарихындағы алғашқы ұлттық жерсерігі – Аль-Мунзир-ді орбитаға ұшырды. Arab News-тің хабарлауынша, бұл аппаратты елдің Ұлттық ғылыми-ғарыш агенттігі әзірлеген. Жерсеріктің жобалау және құрастыру жұмыстарына тек бахрейндік мамандар қатысқан.

Аль-Мунзир – жасанды интеллектті суреттерді өңдеу үшін қолданатын Таяу Шығыстағы алғашқы жерсерік.

«Аль-Мунзир жерсерігінің сәтті ұшырылуы – Бахрейн корольдігінің ғарыш кеңістігін игеру жолындағы маңызды қадамы. Ұлттық ғылыми-ғарыш агенттігінің ұжымына зор мақтаныш сезінемін. Бұл миссия орбиталық жүйелерді одан әрі сынаудың бастамасы болмақ», – деп мәлімдеді агенттік басшысы Мұхаммед Ибрагим Әл-Асири.

Жерсерікте Жер бетін бақылауға арналған камера мен киберқауіпсіздік жүйесі орнатылған. Аль-Мунзир Күнге қатысты тұрақты орбитамен 550 км биіктікте айналып, 2 жыл қызмет етеді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: