Жапон актрисасы Каэ Асакура ислам дінін қабылдады

Жапон актрисасы Каэ Асакура ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жапониялық актриса Каэ Асакура Малайзияға сапарынан кейін ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды Mothership.sg.

Асакура өзінің мұсылман болғаны туралы TikTok-та видео жариялады. Оның айтуынша, Куала-Лумпурда мешіттерге бармақ болғанда, жергілікті тұрғындар оған орамал сыйлаған.

«Хиджаб менің үстіме ерекше жарасып тұрды. Ал адамдар маған өте жылы қабақ танытты. Олардың қонақжайлығы мен мейірімі мені таңғалдырды. Сол кезде мен: "Егер олар мені осылай шын жүректен қарсы алса, неге мен олардың мәдениетін тереңірек зерттемеске?" – деп ойладым», – дейді актриса.

Рамазан айында Асакура алғаш рет ораза ұстап, өз әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісті. Сондай-ақ, ол өзінің жанкүйерлерін шақырып, бірге ауызашар жасағанын көрсетті.

Дегенмен кейбір желі қолданушылары оны өзін жарнамалау үшін исламды қабылдады деп айыптаған. Бұған жауап ретінде актриса:

«Біріншіден, мен ораза ұстаймын. Менің ниетім тек Аллаға ғана аян. Сондықтан мен үшін алаңдаудың қажеті жоқ, оның орнына өз өмірлеріңізге көбірек көңіл бөліңіздер», – деп жазды.

Ол исламға өткеннен кейін көптеген мұсылмандардың өзіне қолдау көрсетіп, финиктер, діни кітаптар және тіпті Меккеден арнайы әкелінген намаз кілемшесін сыйлағанын айтып, көзіне жас алғанын жасырмады.

«Мен жылап жібердім, өйткені адамдар мені жылы қабылдап, ешқандай сын айтқан жоқ. Олардың мейірімі мен шынайылығы мені қатты таңғалдырды», – дейді Каэ Асакура.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: