Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев жамағатқа «Пәтуа маңыздылығы» атты тақырыпта уағыз- насихат сағатын өткізді. А.Балхожаев өз сөзінде «Дін – еріккеннің ермегі емес. Ал, пәтуа беру – жауапты іс. Ол – ғалымдардың еншісінде. Дін мәселесінде пәтуа беретін де, сол пәтуа үшін жауап беретін де ғалымдар.
Бүгінде әлемде қалыптасқан діни алауыздықтардың негізінде де сол білімі таяз адамдардың дін мәселесінде пәтуа беріп, ғалымсымақтардың негізсіз тұжырым-пікірлерін тықпалауынан болып отыр. Бұл келеңсіздікке біз баршамыз жұмыла қарсы тұруымыз қажет. Ертең қияметте бәріміз сұраламыз» деп пәтуаға баса назар аударды. Шараға 45 адам қамтылды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі