Қазақ халқы «өлі разы болмай, тірі байымайды», - дейді. Себебі, әруақты құрметтеу мен оған тиісті дұғаларын жасау, осы дүниедегі қолдан келген амалдарды жүзеге асырудың өзі баға жетпес сауапқа кенелтетіні белгілі.
Осы орайда, бүгін Жуалы ауданы, Күреңбел ауылдық мешітінің молдасы Әскертайұлы Рамазанның бастамасымен жергілікті ауыл тұрғындары қорым, зияраттарға тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.