«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» ШАРАСЫНДА 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖИНАЛДЫ

«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» ШАРАСЫНДА 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖИНАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет» қоры және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйытқы болуымен «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Игі бастама аутизм диагнозы қойылған Мұхаммед есімді баланың еміне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Жаны жомарт жамағаттың қолдауымен барлығы 3 миллион теңге қаражат жиналып, баланың анасына табысталды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қаражатты арнайы түрде өзі тапсырып, балаға шипа тілеп, сауапты іске атсалысқан барша жомарт жандарға шынайы алғысын білдірді.

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: