Бақилық болған адамның артынан Құран –бағыштау көптеген мұсылман елдерінде кең тараған үрдіс. Оның ішінде өзіміздің қазақ жұртшылығы да бар. Қазақ – Құранды өмірінің темірқазығы етіп, ерекше қастерлей білген халық.
Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешіті жанындағы хатымханада сенбіліктен соң, дүниеден өткен жандардың барлығына Құран оқылып құдай тамақ берілді. Барша ат салысқан жамағаттың дұға тілектері қабыл, мұраттары асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі