Қордай: "Сұлутөр" мешітінде сенбілік жүргізілді

Қордай: "Сұлутөр" мешітінде сенбілік жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Табиғат, көше, қоршаған орта бәрі бізге  – аманат. Ал аманатқа қиянат жасау – ауыр күнә. Әрбір ағаш, гүл, өзен, тау, тас – Алланың жаратқаны. Біз оны былғамай, сақтауымыз керек. Себебі Ислам тазалықты тек жуыну мен киімге ғана байланыстырмайды.

Тазалық – иманның айнасы. Қоршаған ортаның тазалығы – біздің Аллаға, қоғамға, өз-өзімізге деген құрметіміздің көрсеткіші. Қордай ауданы, Сұлутөр ауылы «Сұлутөр» мешіті имамы  Беделбаев Базарбек ағамыздың ұйымдастыруымен зиярат басында сенбілік өтті. Қабырстанда дүниеден өткендерге Құран бағышталып, дұға жасалды. Тазалық жұмыстарына жәрдем берген жамағатқа алғыс айтылды. Жақсы амалдарымыз көп, садақаларымыз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: