Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қиямет басталып кетіп, әлдебіреудің қолында құрма ағашының көшеті тұрса, оны ексін». «Өсіп тұрған ағаштарға тимеңдер» деген өсиеттері босқа айтылмаған болар.
Түсінгеніміз ағаш отырғызу сауабы мен маңыздылығы. Қордай ауданы, Еңбек ауылы «Еңбек» мешіті имамы Абитаев Адамбек ағамыздың ұйымдастыруымен екі жүз қаламша мен шыршалар және гүлдер егілді. Барша ат салысқан жамағатқа Алланың нұры жаусын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі