«Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар». Иман – адамның басты құндылығы дейтін болсақ, тазалықтың иманның жартысына теңелуінен оның адам үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.
Қордай ауданы, Еңбек ауылы «Еңбек» мешіті имамы Абитаев Адамбек ағамыздың ұйымдастыруымен жамағат қабір басына зиярат жасады. Дүниеден өткен жандарға Құран оқылып, дұға жасап, құрмет көрсетілді. Зиярат басына сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жасалды. Барша көмек берген жамағатқа Алланың нұры жаусын! Ізгіліктері көп болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі