«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі», – демекші, адам баласына Алладан берілген баға жетпес нығметі денсаулықты бағалау және оны сақтаудың бірден бір жолы қоршаған ортамыз бен дене мүшеміздің тазалығына мән беру. Өйткені түрлі аурулар, жазылмас індеттер, ең алдымен тазалықтың жоқтығынан, ластықтан пайда болады.
Сондықтан да денсаулықты аманат деп үйрететін дініміз мұсылмандарға денесінің, киімінің, құлшылық ететін жерінің әрдайым таза болуын бұйырады. Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешіті имамы Умирзақ Нұртуғанның ұйымдастыруымен қабырстанға зиярат жасалды.
Қабыр тұрғындарына құрмет көрсетіліп Құран бағышталып,дұға жасалды. Зиярат басына сенбілікке тазалық жасалды. Жәрдем берген, қол ұшын созған жандардың ізгі амалдары қабыл, мұраттары асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі