Қордай: "Қаракемер 2" мешітінде сенбілік жасалды

Қордай: "Қаракемер 2" мешітінде сенбілік жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Табиғат – Алла Тағаланың берген үлкен нығметі.  Адам да табиғаттың бір бөлігі болғандықтан,  жер бетінде дұрыс өмір сүруі үшін адамзат табиғатты аялап, қорғап, оны ластаудан, қажетсіз қалдықтарды тастаудан аса сақ болуы қажет.  Қоршаған ортаны таза ұстау, оны ластамау   әр адамның міндеті. 

Мұсылман адам дене,  киім тазалығымен қатар,   үйінің,  ауласының, көпшілік жүретін қоғамдық орындардың да таза болуына аса мән беруі  тиіс. Тазалық барлық орындарда табылуы қажет. Қордай ауданы, Қаракемер ауылы «Қаракемер 2» мешіті имамы Данияр Сәрсебекұлының ұйымдастыруымен  қабырстанға зиярат және сенбілік жасалды. Дүниеден өткен жандарға Құран оқылып, дұға жасалып, құрмет көрсетілді. Барша қол ұшын берген жамағатқа Алланың жәрдемі мен көмегі болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: