Қордай: "Мұсылмандар" мешітінде ихсан тақырыбында насихат айтылды

Қордай: "Мұсылмандар" мешітінде ихсан тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сөздікте «жақсылық», «игілік» деп келетін «ихсан» сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасы бір нәрсені қолға алғанда оны «ең әдемі, ең кемел түрде жасау» дегенді білдіреді. Жаратқан Алла құлдарына Құранда ихсан сөзінің мағынасын баяндаған. Аятта Алланың игілігі баяндалса, оның ең әуелі құлдарына деген шексіз мейірімділігі, асқан рақымдылығы, мол нығметтерге бөлейтіні айтылады. 

Жастар тәрбиесін қолға алып  «Ихсан» ілім тақырыбында Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Мұсылмандар» мешіті наиб имам Аюб Хусар уағыз-насихат айтты.  Құлшылықтарында ықыласты болу, барша амалдарда Алланың разылығы көздеу басшылыққа алынуы керектігі түсіндірілді. Алламен ертерек, тығыз байланыс жасап, құлшылықтарда бекем болу маңыздылығы да айтылды. Баршамыздың ниет-амалдарымыз көркем және қабыл болған болсын!

Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: