Қордай: "Қақпатас" мешітінде сенбілік өтті

Қордай: "Қақпатас" мешітінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса, ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. Кез келген адам өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор.

Қордай ауданы, Қақпатас ауылы  «Қақпатас» мешіті имамы Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен   ауыл тұрғындары  қабірді зиярат жасап,  сенбілік жұмыстарын өткізді.  Көпшілік болып ат салысқан істе Алланың разылығы, дүниеден өткендерге құрмет  көзделді. Республика бойынша жасалған бұл игі шара тәуелсіз алынғалы қолға алынған. Ізгіліктің басында, қасында болуға ат салысқан мұсылмандардың қатары көбейіп, тұрақталсын. Алла қабыл алған амалдардан болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: