Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек» деген. Қордай ауданы, Беткайнар ауылы «Беткайнар» мешіті имамы Нұрлан Нұрмаханұлын жастар арасындағы волейболдан өткен турнирге арнайы шақыртумен шақырылды.
Жарысқа жиналған көпшілікке «Салауаты өмір салтының - ислам дініндегі орнын» түсіндіріп, пайдаларын насихаттады. Денсаулықты сақтау, күту, ол-аманат, оған қиянат жасамаудың маңыздылығын тарқатып айттып берді. Мықты, қуатты, білімді, пайдалы момын-мұсылмандардың саны көбейсін! Еліміздің туын көтеретін жеңімпаздарымыз азаймасын!
Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі