Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көрсеткіші. Тазалық – адамның денсаулығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына тартымдылығы деген сөз. Халқымыздың «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады.
Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген асыл сөзі бар. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасу ауылы «Абубакр» мешіті имамы Щимар Басырұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мешіт ауласы тазалығын жасады. Алланың үйінің тазалығына жәрдем берген жандардың дұға-тіліктері қабыл болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі