Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және тұрғылықты өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Қордай ауданы, Кенен ауылы, «Кенен» мешіті имамы Саят Құрманғалиұлының ұйымдастыруымен ауыл жамағаты сенбілік жұмыстарын өткізді. Баршасы жұмылып жасаған бұл істен ауызбіршілік пен татуластық, Алланың үйіне деген құрмет, дінге деген ыстық ықылыс байқалды. Ізгілікте жарысқан, амалдары қабыл болған үмбеттерден болайық!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі